Жиі қойылатын сұрақтар
Жабдықтаушының қызығушылық танытуы (SEOI) деген нені білдіреді?
Жабдықтаушының қызығушылық танытуы (SEOI) жабдықтаушының ТШО-мен жұмыс жасауға қызығушылығын білдіруі болып табылады. Жабдықтаушы өз қызығушылығын SEOI Web Form ТШО-ның сыртқы сайтындағы SEOI веб бағдарламасында жіберу арқылы білдіруге тиіс.
Жабдықтаушы SEOI веб үлгісін қалай қамтамасыз етеді?
Жабдықтаушы SEOI веб үлгісін жіберу үшін SEOI тіркелгісін жасауға тиіс. Жүйеден SEOI тіркелгісі жасалғаны туралы хабарландыру алғаннан кейін, жабдықтаушы SEOI веб үлгісін жібере алады.
SEOI веб үлгісі деген не?
SEOI веб үлгісі – бұл жабдықтаушының қажетті ақпаратты қамтамасыз ету арқылы ТШО-мен жұмыс жасауға қызығушылығын білдіретін ТШО сауалнамасы болып табылады.
Жабдықтаушы бірқатар сұрақтарға жауап беру арқылы SEOI жүйесінде таңдалған тауарлар мен қызметтерге қатысты іскерлік қызметі, ресурстары мен мүмкіндіктері жайлы ақпарат береді.
Жабдықтаушы өзінің SEOI веб үлгісі ТШО арқылы қабылданғанын қалай біледі?
Жабдықтаушының электрондық поштасына ТШО-ның жабдықтаушыға берген бағасы көрсетілген автоматты хабарландыру жіберіледі.
ЕСКЕРТУ: SEOI веб үлгісі бағасы туралы толық ақпарат алу үшін SEOI нұсқауларыменSEOI нұсқаулығытанысып шығуды сұраймыз.
Жабдықтаушыға неге SEOI үлгісін жіберу қажет?
ТШО-мен жұмыс істеуге қызығушылық танытқан жабдықтаушыға өз қызығушылығы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат беру үшін SEOI веб үлгісін жіберу қажет. SEOI веб бағдарламасы көмегімен ТШО мен жабдықтаушылар бір платформада байланысу мүмкіндігіне ие болып, төмендегідей артықшылықтарды иеленеді:
• SEOI веб үлгісін жіберу арқылы жабдықтаушылар ТШО-мен жұмыс жасауға ниетті екендіктерін білдіре алады
ТШО-мен жұмыс істеуге қызығушылық танытқан жабдықтаушыға өз қызығушылығы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат беру үшін SEOI веб үлгісін жіберу қажет. SEOI веб бағдарламасы көмегімен ТШО мен жабдықтаушылар бір платформада байланысу мүмкіндігіне ие болып, төмендегідей артықшылықтарды иеленеді:
• Жабдықтаушыларға TШO SEOI веб платформасында жасалған өз SEOI профайлдарын жаңартуға және басқаруға мүмкіндік туады.