Пайдаланушы растауы және жабық ақпаратты жарияламауға келісімі



Осы Пайдаланушы растауы және жабық ақпаратты жарияламауға келісім шеңберінде:

  1. «Теңізшевройл» мағынасы: ТШО, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес құрылған
  2. «Теңізшевройл жабық ақпараты» мағынасы: Теңізшевройлға тиесілі жабық ақпарат немесе құпия болып табылатын техникалық немесе коммерциялық ақпарат, мәліметтер, идеялар немесе материалдар, соның ішінде пайдаланушының рұқсаты болуы мүмкін Теңізшевройл жүйесімен, және пайдаланушының Теңізшевройл жүйесін пайдалануымен (соның ішінде кез-келген паролдер мен жеке сәйкестендіру нөмірлері немесе өзге де пайдаланушыны куәләндіретін формалар «Пайдаланушы аты(тары)»)–мен байланысты, және пайдаланушы Теңізшевройлдағы жұмысы кезінде түзген ақпарат.
  3. «Пайдаланушы» немесе «Пайдаланушылар» мағынасы: Теңізшевройлдың және өзге де рұқсат берілген пайдаланушылардың қызметі мен операцияларына және төменде қол қойған тұлғаның жұмысына байланысты Теңізшевройлдың интеллектуалдық мүлкіне, Теңізшевройлдың жабық ақпаратына және Теңізшевройл иелігіндегі және басқаруындағы жүйеге рұқсат берілуі немесе рұқсаты болуы мүмкін кез-келген жеке немесе заңды тұлға.

Жалпы ережелер.

Осы Келісімге сәйкес, Пайдаланушы келесіні қабылдап, келіседі:

  1. Пайдаланушыға SEOI Пайдаланушысы аты мен төменде көрсетілгендей Теңізшевройл жүйесіне рұқсат беріледі:
    • (a) SEOI
  2. Пайдаланушы идентификаторы мен берілген рұқсат келесідей «Мақсатта» сипатталған жалғыз мақсатта қолданылады:
    • (b) ТШО-мен жұмыс жасауға қызығушылығы бар жабдықтаушының Теңізшевройл жүйесі (әрі қарай - SEOI) шеңберінде өзін-өзі ұсынуы.
  3. Жоғарыда мәлімделгендердің барлығына сәйкес ағымдағы Пайдаланушы:
    • a. «Мақсат» немесе Теңізшевройлдың өзгелей талаптары үшін қажетті жағдайларда болмаса, SEOI жүйесіндегі ақпаратты немесе мәліметтерді пайдаланушы өз қажеттілігіне немесе кез-келген өзгелей мақсатта пайдаланбайды не енбейді.
    • b. Пайдаланушыға берілген Пайдаланушы аты тек Пайдаланушының Мақсатқа байланысты пайдалануына ғана арналғанын, кез-келген өзге жеке не заңды тұлғамен бөлісуге, немесе пайдаланылуына болмайтындығын, Теңізшевройл кез-келген уақытта өз қарауынша кері қайтарып алуға, ал пайдаланушы атын жоюға құқылы екендігін түсінеді;
    • c. осы 2-тармақта Пайдаланушыға берілген Теңізшевройл жүйесіне енуге рұқсат өздігінен Теңізшевройл жүйесіне енуге рұқсат болып табылмайтындығын және Пайдаланушы осы Растауда нақты рұқсат берілген ақпараттан, мәліметтерден, Жүйеден өзге Теңізшевройл желісіндегі (леріндегі) Теңізшевройл жүйесінде сақталған ақпаратқа немесе мәліметтерге Теңізшевройлдың жазбаша тура рұқсатынсыз енбейтіндігін растайды;
    • d. Теңізшевройл рұқсат еткен жағдайларда болмаса, Теңізшевройл жүйесінен кез-келген үшінші тараптың жүйесіне енбейді, енуге тырыспайды;
    • e. Теңізшевройл рұқсат еткен жағдайларда болмаса, кез-келген үшінші тараптың жүйесінен Теңізшевройл жүйесіне енбейді, енуге тырыспайды;
    • f. Теңізшевройл жүйелеріне не желілеріне рұқсатсыз енуге немесе Теңізшевройл жүйелеріне не желілеріне біліп тұрып зиянкес кодтар (вирустар, айналма жолдар, «троя аты», құрт тектес вирустар, т.б.) орнатуға тырыспайды;
    • g. g. Теңізшевройл жүйесіне Теңізшевройл иелігіндегі орындардан тыс жерлерде орналасқан Пайдаланушы жүйелерінен енуді тек рұқсат берілген пайдаланушылармен шектейді.

Теңізшевройлға тиесілі ақпараттың жабықтығы.

Теңізшевройл рұқсат берген жағдайларда болмаса, Пайдаланушы Теңізшевройлдың жабық ақпаратын құпия ұстайды әрі ешкімге жарияламайды, және Теңізшевройлдың бұндай жабық ақпаратын Мақсатқа байланысты ғана болмаса пайдаланбайды. Барлық ақпарат, мәліметтер мен құжаттама, соның ішінде Пайдаланушы Теңізшевройлдан алатын не Пайдаланушы Теңізшевройлға жұмысы барысында түзетін Теңізшевройлдың жабық ақпаратын қоса, және барлық құқықтарды (патент құқығы мен авторлық құқықты қоса) Теңізшевройлдың меншігі болып табылады және қала береді. Пайдаланушыға Теңізшевройл жүйесіне (леріне) рұқсат берілген Мақсатты орындау үшін қажет болған жағдайда болмаса, кез-келген бұндай ақпаратты, мәліметтерді не құжаттаманы көшіруге Пайдаланушының құқығы жоқ. Сұралған жағдайда, Пайдаланушы Мақсат бойынша қызметтерін аяқтаған соң бұндай ақпараттың, мәліметтердің не құжаттаманың және көрсетілгендердің өзінде бар барлық көшірмелерінің кез-келгенін Пайдаланушы Теңізшевройлға қайтарады. Пайдаланушы осы құпиялық талаптарын кез-келген бұндай ақпаратқа, мәліметтерге және/не құжаттамаға рұқсаты бар кез-келген жұмыскеріне қояды. Пайдаланушының осы келісім бойынша міндеттемелері оның қызметкерлері, орнын басушылары және құқықтық мирасқоларының барлығына таралады.

  1. Жабық ақпаратқа жатпайтындар. Жабық ақпарат қатарына жатпайды:
    • a. Пайдаланушының басшыларын, лауазымды тұлғаларын, қызметкерлерін, агенттерін, адвокаттарын, бухгалтерлерін, қаржы кеңесшілерін, консультанттарын, тәуелді тұлғаларын, иелерін, акционерлерін, БК қатысушыларын немесе серіктестерін (бірге «Пайдаланушы өкілдері» ) қоса Пайдаланушының жариялауынан басқа жағдайдаларда көпшілікке заңды жолмен мәлімделген не мәлім болатын ақпарат; немесе
    • b. Жабық ақпаратты ұсынушы тараптан өзге көзден ашық негізде алынған не алынатын ақпарат; бұл ретте бұндай ақпарат көзінің бұрынырақ жасалған құпиялық туралы келісіммен міндеттелмеген болуы және бұндай жабық ақпаратқа оны құпия сақтауға міндеттейтін жағдайларда өзгелей иелік етпеген болуы шарт; немесе
    • c. Мақсатқа байланысты ұсынылғанға дейін Пайдаланушының иелігінде, сақтауында немесе бақылауында болған ақпарат; бұл ретте бұндай ақпарат көзі осы келісімнің 3-Бөлімінде көрсетілгендей бұндай ақпаратты құпия сақтау туралы келісіммен қалай да шектелмеген не міндеттелмеген болуы шарт.
  2. Сақталмағанда қолданылатын құқықтық қорғаныс құралдары. Теңізшевройл осы талаптың бұзылуының алдын-алу не бұзылу салдарын түзету мақсатында сотпен тыйым салу мен әділеттік құқығы негізінде сотпен қорғанудың өзге құралдарына жүгінуге құқылы.

Бағдарламалық құрал.

Пайдаланушының Мақсатқа байланысты жұмысы барысында Пайдаланушының Теңізшевройлға лицензия негізінде берілген үшінші тараптың бағдарламалық құралын және/немесе Теңізшевройлдың өзіндік бағдарламалық құралын (әрі қарай бірге –« Бағдарламалық құрал») пайдалануы қажет болуы мүмкін. Пайдаланушы:

  • a. Бағдарламалық құралды Мақсатқа байланысты Пайдаланушы жұмысын орындау үшін ғана пайдаланады;
  • b. Рұқсат берілген резервтік көшірмелері болмаса, Бағдарламалық құралды көшірмейді.
  • c. Бағдарламалық құралға (бұндай бағдарламалық құралдың Теңізшевройлдың өзінікі не лицензиямен берілгендігін ескерместен) жоғарыда 3 - Бөлімде белгіленген міндеттемелер тарайтын Теңізшевройлдың жабық ақпараты ретінде қарайды және кез-келген үшінші тарапқа ашпайды немесе жалға бермейді;
  • d. Пайдаланушының Мақсатқа байланысты жұмысы аяқталған соң Бағдарламалық құралды Теңізшевройлға қайтарады және қатысты жағдайларда Теңізшевройлдың үшініші тараптармен лицензиялық келісімдерін сақтайды.

Интеллектуалдық меншік туралы заңнама және өзге шектеулер.

Пайдаланушы осы келісімде белгіленген барлық шектеулерді, сондай-ақ, Пайдаланушының Мақсатқа байланысты жұмысы мен Теңізшевройл жүйесіне рұқсатына қатысты барлық қолданылатын авторлық құқық пен интеллектуалдық меншік туралы заңнаманы сақтайды.

Заңсыз пайдалану немесе иемденудың құқықтық салдары.

Пайдаланушы Теңізшевройл жүйесін және/немесе жабық ақпаратын, Пайдаланушының Мақсатқа байланысты жұмысы үшін алынған ақпарат не мәліметтерді заңсыз пайдаланса не иемденсе, Пайдаланушы, оның кез-келген қызметкерлері мен агенттері қатаң азаматтық – құқықтық немесе қылмыстық жазаға тартылу мүмкіндігін мойындайды.

Мониторинг.

Теңізшевройл жүйесі тек өкілетті Пайдаланушылардың қолдануына арналған. Теңізшевройл жүйесін пайдаланушы кез-келген жеке тұлға бұндай пайдалану арқылы Теңізшевройлдың жүйелерінде түзілген, алынған немесе сақталатын кез-келген ақпаратты бақылауға, енуге, пайдалануға және жариялауға Теңізшевройлдың құқылы екен растайды және келіседі, және де Жүйелерді пайдалануына байланысты бұндай тұлғаның жеке өміріне қол сұқпауға қатысты қандай да бір құқығынан немесе талаптан бас тартады. Аталған Жүйлерді рұқсаттан тыс және/немесе заңсыз пайдалануға, компания қағидаларында белгіленгендей, жол берлімейді, Теңізшевройл бұндай жеке тұлғаларға қатысты ресми шаралар қабылдауға құқылы.

Қызметкерлер/агенттер

Пайдаланушы, егер компания/агенттік болса немесе қызметкерлері не агенттері бар жеке тұлға болса, осы құжаттың заңды тұлғаларға қолданылатын барлық бөліктерін сақтайды, және Пайдаланушы қызметкерлері мен агенттерінің сақтауына жауапты. Пайдаланушы кез-келген қызметкері не агентінің Теңізшевройл жүйесіне рұқсат берілгенге дейін жоғарыда айтылған шарттарды сақтауға міндеттенуін қамтамасыз етеді. Пайдаланушы бұндай кез-келген агент немесе қызметкердің жұмыстан босатылуы туралы Теңізшевройлға уақыт оздырмай хабарлайды. Пайдаланушының кез-келген агенті немесе қызметкері осы Келісімнің кез-келген ережесін бұзған жағдайда, Пайдаланушы өз қызметкеріне немесе агентіне ашылған Теңізшевройл есеп-жазбасын пәрменнен айырады.

Қолданылатын құқық.

Осы Келісім, ондағы таңдалған құқықтық нормаларды ескерместен, Англия заңнамасына сәйкес дайындалған және түсінуге жатады, ал тиісті юрисдикцияға Лондон қаласының соты ғана ие.

Өзгеге табыстау.

Пайдаланушының Теңізшевройлдың жазбаша тура келісімінсіз осы Келісімді Үшініші тараптарға табыстауына жол берілмейді. Осы Келісім мақсатында Үшінші тараптар Пайдаланушының тәуелді тұлғасы немесе қызметкері және оның серіктестері болып табылмайтын кез-келген жеке не заңды тұлғаны білдіреді.

SEOI Пайдаланушыларына қолданылатын ережелер.

Егер Пайдаланушыға берілген Пайдаланушы аты (тары) мен рұқсат SEOI жүйесіне арналса, келесі ережелер қолданылады:

  1. Пайдаланушы келісімі. Теңізшевройлмен Теңізшевройл жүйесі шеңберінде жұмыс істеуге қызығушылық білдіру мүкіндігін қарастыру үшін Пайдаланушы «Мен барлық шарттар мен жағдайларды қабылдаймын» белгісін басу арқылы «Теңізшевройл» ЖШС-ның («ТШО») келесі шарттары және жағдайларымен келіседі:
    • (i) Жабдықтаушы қызығушылығын таныту (әрі қарай -"SEOI"). Теңізшевройл өзіне рұқсат берген Жабдықтаушы қызығушылығын танытуды тапсырмас бұрын, Пайдаланушы шарттар және талаптарды алып, танысып, түсініп, келіседі.
    • (ii) SEOI “Уэб-Формасы”. Пайдаланушы ТШО сыртқы уэб парағындағы SEOI уэб-қосымшасы арқылы өзі тапсырған SEOI “Уэб-Формасы” заңды күшке ие және Пайдаланушыны міндеттейтінін растайды. Пайдаланушы ТШО сыртқы уэб парағындағы SEOI уэб-қосымшасы арқылы өзі тапсыратын кез-келген SEOI “Уэб-Формасын” «Теңізшевройл» қабыл алып не алмағанға дейін өзгертпеуге келіседі. Пайдаланушы SEOI “Уэб-Формасын” және/немесе “Уэб-Формасына” өзгертулерді ТШО сыртқы уэб парағындағы SEOI уэб-қосымшасы арқылы ғана тапсыруға және «Теңізшевройлдың» сол туралы жазбаша өтінішінсіз SEOI “Уэб-Формасын” және/немесе “Уэб-Формасына” өзгертулерді «Теңізшевройлға» кез-келген өзге механизм арқылы тапсырмауға келіседі. Пайдаланушы «Теңізшевройлдың» тапсырылған SEOI “Уэб-Формасын” қабылдап не қабылдамауға, немесе өз бетімен кез келген уақытта себепті не себепсіз немесе хабарлап не хабарламастан кез-келген SEOI “Уэб-Формасын” тапсыруды жойып не кейінге ысыруға шексіз құқықығы барын түсінеді.
    • (iii) Жеке мәліметтерді қорғау туралы ескертпе. Теңізшевройл рұқсат берген Жабдықтаушы қызығушылығын танытуды тапсырмас бұрын, Пайдаланушы ТШО лауазымды тұлғасының Пайдаланушы тапсырған SEOI “Уэб-Формасын” қабылдау мақсатында пайдаланылатын жеке мәліметтерді өңдеу туралы шарттарды алып, танысып, түсініп, келіседі. Тапсырылған жеке мәліметтер жабдықтаушы мүмкіндіктерін тексеру мақсатында ТШО ішіндегі тиісті бөлімдерге жіберілетіндігі туралы хабардар болыңыз. Тапсырылған жеке мәліметтерді тексеріп, дұыстау үшін ТШО SEOI тобымен байланысуды сұраймыз. Пайдаланушы жеке мәліметтерді келтірмеуге құқылы; бұндай жағдайда ТШО Пайдаланушы SEOI “Уэб-Формасын” қабылдамау құқығын сақтайды.
    • (iv) Жалпы ақпарат. Кез-келген тапсырылатын SEOI “Уэб-Формасына” қойылатын талаптар қосымшадағы SEOI нұқсаулықтары құжатында толық келтірілген. Пайдаланушы SEOI “Уэб-Формасын” тапсыруды шешкен жағдайда, SEOI “Уэб-Формасы” және/не оған өзгертулерді тапсырумен байланысты барлық шығындарды (құжатты дайындауға қатысты барлық шығындарды қоса), ТШО-ға кінәрәт қоймастан, Пайдаланушы қашан да өз есебінен төлейді. ТШО SEOI уэб-қосымшасының және SEOI “Уэб-Формасының” кез-келген бөлігін қосу, өшіру, өзгерту не толықтыру құқығын сақтайды, және қажет жағдайда бұндай өзгерістердің барлығы Пайдаланушыларға таралады. Сондай-ақ, ТШО Пайдаланушы(лар) тапсырған SEOI “Уэб-Формасын” қабылдау және /немесе SEOI “Уэб-Формасының” кез-келгенін не барлығын қандай да бір себеппен, ешқандай себеп келтірместен және ТШО тарапына төнер ешқандай келешек міндеттемелерсіз, қабылдамауды шешуге құқылы.

Заңды күшін сақтау.

Осы Пайдаланушы келісімінің шарттары мен талаптары ТШО сыртқы уэб парағындағы SEOI уэб-қосымшасы жұмысын доғарған не орындау аяқталған соң да заңды күшін сақтайды.

Пайдаланушы растауы және жабық ақпаратты жарияламауға Келісімінің соңы.


Жабдықтаушы «Пайдаланушының құпия ақпаратты жарияламау туралы келісімі» шарттары мен талаптарын қабылдауға тиіс, олай болмаған жағдайда, жабдықтаушы SEOI жүйесінде тіркелу әрекетін жалғастыра алмайды.